
*Ас қорыту бұзылулармен бірге жүретін ұйқы безінің экзокриндік жеткіліксіздігі кезінде емдеу үшін

Мезим® форте препаратын қабылдауда абсолютті қажеттілік болмаса, оны жүктілік және лактация кезінде қабылдауға болмайды.
Мезим® форте дәрілік затын тағайындау және қолдану алдында медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығу керек. Өзін-өзі емдеу сіздің денсаулығыңызға зиян тигізуі мүмкін.
Дәріханалардан босатылу шарттары: рецептісіз.
Қолданылуы:
Ас қорыту бұзылулармен бірге жүретін ұйқы безінің экзокриндік жеткіліксіздігі кезінде емдеу үшін.
Мезим® форте
Құрамы:
Мезим® форте белсенді зат — панкреатин (липазаның ең төмен белсенділігімен 3 500 ӘБ ЕФ, амилазаның 4 200 ӘБ ЕФ, протеазаның ең төмен белсенділігімен 250 ӘБ ЕФ).
Дозалау:
Бір тамақ қабылдауға ұсынылатын доза: тамақ қабылдаудың басында 1-2 таблетка. Тағамның сипатына байланысты, сондай — ақ тамақтану кезінде ас қорытудың бар немесе күтілетін бұзылыстарының ауырлығын ескере отырып, препараттың 2-4 таблеткасы қосымша қабылданады.
Қолдануға болмайтын жағдайлар:
- белсенді затқа, шошқа етіне (шошқа етіне аллергия), азорубин лагына (Е122) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- жедел панкреатит және созылмалы панкреатиттің өршу фазасындағы жедел ұстамалар. Алайда, өршудің басылып келе жатқан фазасындағы кеңейтілген диетада — егер ас қорыту бұзылыстарының қалдықтық немесе сақталып қалған белгілері болса — препаратты мезгіл-мезгіл қабылдаған жөн;
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
Мезим® форте 10 000
Құрамы:
Мезим® форте 10 000 белсенді зат — панкреатин липазаның ең төмен белсенділігімен 10 000 ӘБ ЕФ, амилазаның 7 500 ӘБ ЕФ, протеазаның ең төмен белсенділігімен 375 ӘБ ЕФ).
Дозалау:
Бір ас қабылдауға 2-4 таблетка.
Қолдануға болмайтын жағдайлар:
- белсенді затқа, шошқа етіне (шошқа етіне аллергия), азорубин лагына (Е122) немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық;
- жедел панкреатит және созылмалы панкреатиттің өршу фазасындағы жедел ұстамалар. Алайда, өршудің басылып келе жатқан фазасындағы кеңейтілген диетада — егер ас қорыту бұзылыстарының қалдықтық немесе сақталып қалған белгілері болса — препаратты мезгіл-мезгіл қабылдаған жөн;
- сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза тапшылығы немесе глюкоза мен галактозаның мальабсорбция синдромы бар пациенттер;
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
